Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank пен кеден брокерлері Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің жаңа даму кезеңін бастайды

размещение

Bereke Bank пен Қазақстан кеден брокерлері (өкілдері) ассоциациясы сыртқы экономикалық қызмет пен экспорт саласында ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат кәсіпкерлерді қолдауға, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін дамытуға және елдегі бизнес ортаны жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады. Тараптар білім беру бағдарламаларын, форумдар мен шеберлік сабақтарын және сыртқы экономикалық қызметке қатысты кәсіпкерлердің дағдылары мен құзыреттерін арттыруға бағытталған басқа да іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға уағдаласты.

"Біз үшін банктің кеден әкімшілігі саласындағы кәсіби қоғамдастықпен тығыз әрі жүйелі ынтымақтастығы экспортқа бағдарланған бизнестің қолдау құралдарын түбегейлі жаңартуға жол ашады. Бүгінде Bereke Bank валюталық тәуекелдерді азайтуға және халықаралық мәмілелерді сенімді жүргізуге бағытталған СЭҚ Компетенциялар орталығын іске қосып, бизнесті жаңа деңгейге көтеруде. Жаңа меморандум – экспорттаушыларға арналған толыққанды экожүйе құруға жасалған ірі қадам", – деп атап өтті Таир Каримов, "Bereke Bank" АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Шағын және микро бизнес блогының Тікелей сату департаментінің директоры.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты:

•    бизнес-форумдар, оқыту бағдарламалары, бизнес-таңғы астар және стратегиялық сессиялар ұйымдастыру;
•    сыртқы экономикалық қызмет саласында тәжірибелік кейстер мен білім беру бастамаларын бірлесіп әзірлеу; 
•    менторлық бағдарламалар мен бизнес-нетворкинг үшін алаңдар қалыптастыру;
•    кәсіпкерлік климатты жақсарту, бөгеттерді анықтап, оларды жеңу;
•    ортақ жобаларға қатысушылардың жан-жақты дамуына жәрдемдесу;
•    қоғамдық ұйымдармен, бизнес-қауымдастықтармен өзара байланыс орнату;
•    жүзеге асырылатын жобалардың әлеуметтік және экономикалық әсерін бағалау.

размещение

25 жылдық тәжірибесі бар Кеден брокерлері ассоциациясы еліміздегі ең ірі банктердің бірімен орнатылған ынтымақтастық сыртқы экономикалық белсенділік артып тұрған шақта кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды күшейтеді деп есептейді.  

"Қазақстандағы бизнес жыл сайын экспортқа басымдық беріп келеді. Алайда, сыртқы нарықтарға шығу үшін тек логистика мен заңнаманы білу жеткіліксіз –  кәсіпкерлерге сенімді қаржылық қолдау да қажет. Bereke Bank-пен орнатылған ынтымақтастық кәсіпкерлерге білім алуға және халықаралық саудада үздік қаржылық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді", – деді Геннадий Шестаков, Қазақстан кеден брокерлері (өкілдері) ассоциациясы кеңесінің төрағасы.

Bereke Bank үшін бұл келісім Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету стратегиясының жалғасы болып табылады. Банк шамамен 100 мың жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді, оларға тек классикалық банктік қызметтерді ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беретін экожүйе – Bereke Business платформасы арқылы инновациялық цифрлық шешімдерді ұсынады.

Меморандумға қол қою екі ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсетіп, ұлттық экономиканы дамытуға, экспорттаушыларды қолдауға және Қазақстан бизнесінің халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға қосқан үлесін дәлелдейді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 12:43
Талқылау