Белгілі журналист Юрий Дудьке қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалды
Фото: DR
Журналист Юрий Дудьке (шетел агенті тізіміне енгізілген) қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Юрий Дудь Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 330.1-бабы бойынша (Ресей Федерациясының шетел агенттері туралы заңнамада көзделген міндеттерді орындаудан жалтару) күдікті ретінде танылған.
Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмады.
Ресей прокуратурасының мәліметінше, бұған дейін Юрий Дудь бір жылда екі рет "шетел агенті" ретінде қызмет тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Соған қарамастан ол мессенджерлердің бірінде "шетел агенті" деген белгісіз материалдар таратуды жалғастырған.
Айта кетейік, Ресейдің Әділет министрлігі Юрий Дудьті 2022 жылғы 15 сәуірде "шетел агенті" деп таныды. Бұған оның Александр Гордон, Тима Белорусских және Катерина Гордеевамен жүргізген сұхбаттарында "Медуза" мен The Insider сынды "шетел агенті" деп танылған медиалардың материалдарын келтіруі себеп болды. Сонымен қатар министрлік оның YouTube арнасындағы жарнама арқылы тапқан табысын "шетелдік қаржыландыру" деп есептеген.
2024 жылғы 11 наурызда Владимир Путин Ресейлік компанияларға шетел агенттері тізіміндегі тұлғаларға жарнама беруге тыйым салатын заңға қол қойғаннан кейін, Дудь өз материалдарында арнайы белгі қоюды тоқтатқан. Ол Ресеймен заңды байланысы жоқ кәсіпкерлерді жарнама сатып алуға шақырған.
Серік Жұманғарин журналистерге құрметсіздік танытқаны үшін сынға қалды
Jah Khalib-тің Ресейдегі концерттері өтпейтін болды
Еске салайық, бұған дейін Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалған "Камызяки" КВН тобының Қазақстандағы концерті өтпей қалған еді. Ресейде иноагент деп танылған Максим Галкиннің де Қазақстанда жоспарланған концерті өткен жоқ.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
