Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды
Ресейлік әртіс Максим Галкиннің продюсері Алексей Пучков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы концерттің өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/maxgalkinru
“Максим Галкиннің концертіне байланысты ақпарат. Алдағы жоспарланған концерттерге аз қалды және көп адам концертке шетелден, басқа қалалардан ұшып келмек. Қандай жауап болмасын, бұдан артық күте алмаймыз. Біз үшін сіздер және сіздердің уақыттарыңыз бағалы. Өкінішке қарай, бізге мұндай шешім қабылдау қиынға соқты, десе де Максим Галкиннің концерті өтпейтінін мәлімдейміз. Біздің жобамызға сеніп, қолдап, соңына дейін үмітін үзбеген көрерменге алғыс білдіреміз”, – деп жазды әртістің продюсері.
Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин белгілі бір себептермен Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, өкініш білдірген болатын. Күні кеше әртістің продюсері Алексей Пучков желдегі парақшасында концерттің афишасын жариялап, кештің өтетінін растады. Күні кеше Максим Галкиннің Қазақстандағы өтетін концерт залдарында апаттық жағдай болып, ғимараттар екі аптаға жөндеу жұмыстарына жабылған болатын.
Еске салайық, Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған болатын.