Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Bek Air" апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды  

Алматы маңында болған "Bek Air" компаниясы ұшағының апатына байланысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеп хабарлайды. 

Ұшақ құлаған аумақтағы жер телімдерінің заңсыз сатылуына қатысы бар деп айыпталған 6 адамның бесеуі бостандықта жүр. Тек риэлтор Нұрайым Алданыш 1 жылға жуық уақыттан бері тергеу изоляторында отыр. Адвокаты оны кепілмен үй қамаққа босатуды сұрағанымен, шағымы кері қайтарылған.



Талғар аудандық сотында қаралып жатқан іске қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Жергілікті әкімдік апат болған аумақтағы 1 гектардан астам жер телімі 2011 жылы жеке иелікке өтіп, ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға берілгенін айтады. Жалпы 12 адамның өліміне себепші болған "Bek Air" апатынан туындаған жер проблемасына қатысты сот ұзаққа созылатын сияқты. Кезекті сот отырысы ертең өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайы маңындағы заңсыз жер сату ісіне қатысты сот басталғанын хабарлаған едік.

Талқылау