Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алты авиакомпанияның қызметі тоқтатылды

2020 жылы алты қазақстандық авиакомпанияның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

"2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары пайдаланушының 43 инспекциялық тексеруін және 8 сертификациясын жүргізді. 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. BekAir, Sigma Airlines әуе компанияларының сертификаттары қайтарып алынды", - делінген хабарламада.

Авиациялық әкімшілік әуе кемелеріне 240 инспекциялық тексеру жүргізді, 79 азаматтық әуе кемелеріне мемлекеттік тіркеу куәлігі берілді, ұшуға жарамдылық туралы 145 сертификат, 17 авиациялық техникаға техникалық қызмет көресету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты берілді.

"Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілді. Авиация персоналына куәлік беру бойынша 2638 мемлекеттік қызмет, авиациялық оқу орталықтарына 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылды: Bek Air, Ultuga және Sky School", - деп қосты ведомствода.

Талқылау