Баян Есентаева әдемі көйлегімен Париж халқын тәнті етті (фото)
Баян Есентаева Жаңа жылды Францияда қарсы алды. Ол қазақстандық дизайнер тігіп берген көйлектің арқасында Париж халқының көзайымына айналды.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Есентаева дәл қазір Францияның Париж қаласында саяхаттап жүр. Ол Жаңа жылды аталған қалада қарсы алды. “Өткен жылды қорытындылағым келіп тұрған жоқ. Бар болғаны оған алғыс айтқым келеді! Ол менің өмірімді түбегейлі, танымастай етіп өзгертті. Алда мені жаңа өмір күтіп тұр. Оның қандай болатынын мен білмеймін. Сәлем, Жаңа жыл!” – дейді Баян Есентаева.
Продюсер аталған қаладағы отырыстардың біріне қазақстандық дизайнер Айда Қауменова сыйлаған көйлекті киіп барған екен. Көйлектің арқасында жұрттың назары Баян ханымда болған-ды. “Парижде жұртты әдемі көйлекпен таңқалдыруға болады екен. Жұрттың назары тек менде болды. Айда, сен данышпансың”, – дейді продюсер.
Жіберіп алмаңыз:
2016 жылы Қазақстанда түсірілген таңдаулы видеолар
Ирина Советжанқызы көзіне шөп салған күйеуін не себепті кешіргенін түсіндірді