Батыс Қазақстанда әкім жол апатынан көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Апат 23 маусым сағат 01:50-де Тау ауылының маңында Жәнібек-Таловка жолының 25-шақырымында болды. Рөлде Төрешовтің өзі отырған және көлікте жалғыз болған.
Ол жүргізген Volkswagen Polo жыраға аударылып кетті.
Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт кішкентай баласы – екі ұлы мен екі қызы қалды.
"Кінәлілер жазаланады": БҚО әкімі екі қолынан айырылған балаға қатысты пікір білдірді
Жәнібек ауданы ішкі саясат бөлімі мәлімдегендей, жақында ол Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен барлық іс-шараға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ