Батыс Қазақстан облысында дрон жарылды: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін тиімді қорғауға уәде берді
Фото: Halyqstan
Желіде Батыс Қазақстан облысында дронның апатқа ұшыраған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, оқиға Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болған. Дрон құлаған кезде жарылыс болып, үйлер сілкінген.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың сынықтарына ұқсайтын заттардың табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Нысан тұрғын үй аумағынан тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.
-
Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағына құлаған ұшатын апараттарға қатысты пікір білдірді
-
Қазақстанда әскери ұшақтарды жалға беріп, табыс табу ұсынылды
Ал қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшақтың жарылғанын растады.
"Дрон шалғай ауданда, елді мекендерден тыс жерде анықталды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын болған жоқ. Осы ұшақтар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Біздің әскерилер әуе кеңістігін бақылауды күшейтуге және тиімді қорғауға уәде берді.
“Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде”, – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да да үшінші рет белгісіз дронтабылған еді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
