Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барни" мен үйдегі тәтті бәліштің ұқсастығы неде?

Бисквиттердің құрамын ашық талдаймыз және оған қатысты мифтерді шолып, жоққа шығарамыз.

Оқиға: Дүкенде бала өзіне таныс, қаптамасында аюдың суреті тұрған тәттіге қарай ұмтылады. Сол сәтте ата-ананың көбі автомат түрде бисквитті себетке сала салады. Кейін үйге жеткенде немесе кассаға жақындағанда ғана “құрамын тексеру керек еді” деп ойланып қалады. Сізде солай істейтін болсаңыз, бұл мақаладағы ақпарат сізге пайдалы болады. Балаңыз сүйікті тәттісі – “Барни” бисквитінің құрамына нақты не кіретінін қарапайым әрі түсінікті тілде талдап, ата-аналардың жиі қоятын сұрақтарына жауап береміз. 

“Барни” бисквитінің құрамына нақты не кіреді?

"Барнидің" құрамында – үйде тәтті пісіргенде қосатын қарапайым әрі түсінікті өнімдер бар. Мысалы, бисквит құрамына мыналар кіреді:

Сорты жоғары бидай ұны – кез келген бисквиттің негізі. Осы ұнның арқасында бисквит жұп-жұмсақ әрі үлпілдек болып піседі.

Жұмыртқа (15%) қамырды көтеріп, оны жұмсақ әрі пішінді етіп пісіруге көмектеседі.

Құрғақ сүт бисквитке таныс әрі сүттің дәмді дәмін береді. Мұндай дәмді, әсіресе, балалар ұнатады.

Қант пен глюкозалы шәрбат бисквитке тек тәтті дәм беріп қана қоймай, оны жұмсақ етеді. Яғни шәрбаттың арқасында бисквит бірнеше күн өтсе де қатпай, бұрынғыдай жұмсақ болып тұрады. 

Сонымен бұл бисквиттің құрамы – өте қарапайым және балаға арналған тіскебасар үшін жақсы таңдау.

Салмасы туралы да айта кетейік. Онда түсініксіз немесе күрделі нәрсе жоқ: құрамында қант, сүттен жасалған өнімдер және балалар жақсы көретін жемістің немесе шоколадтың дәмін беретін қоспалар бар.

Бір “Барниде” қанша қант бар?

10 грамнан аз қант — бұл шамамен 1,5–2 шай қасық. Мұндай мөлшер балалар үшін қауіпсіз, себебі ол дәрігерлер мен диетологтардың ұсынған шегінен аспайды. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күнделікті тағамнан түсетін қант мөлшері баланың жалпы энергиясының 5–10%-ынан аспауы керек екенін айтады. Бұл бастауыш сынып оқушысы күніне 20–30 грамм қант тұтына алады деген сөз. 

Яғни “Барни” биквитінде бір күнде тұтынуға болатын қант мөлшерінің бір бөлігі ғана қосылған. Мұдай тәттіні бала тіскебасар ретінде жей алады. Әсіресе, бала бір күн ішінде өте белсенді болса, сабақтан соң немесе серуендегеннен кейін немесе жаттығудан соң жеуіне болады. Себебі оған тез арада қайта күш жинау керек, яғни аз мөлшердегі тәттінің зияны болмайды.

Әр “Барни” бисквиті жеке қаптамаға оралған. Бала бір бисквитті жесе, ата-ана бір күнде көп мөлшерде қант тұтынбағанын біліп отырады. 

“Барни” бисквитіне пальма майы қосылған ба?

"Барни" бисквитінің құрамында пальма майының өзі жоқ. Бисквитті пісіру үшін арнайы өңделген, эрук қышқылы төмен рапс майы қолданылады. Бұл майды көптеген балалар тағамын өндірушілер таңдайды, өйткені оның құрамында пайдалы полиқанықпаған май қышқылдары мен Е дәрумені бар. Ол балаларға арналған тағамдарға жарамды, қауіпсіз әрі пайдалы май түрі саналады.

Ол балаларға арналған тағамдарға жарамды, қауіпсіз әрі пайдалы май түрі саналады. Бұл — пальма майынан алынатын жеке компонент. Бірақ ол майдың өзі емес, оның құрамы мен қасиеті бөлек. Пальма олеині тағамның құрылымын жақсартып, ұзақ сақтауға көмектеседі және балаларға арналса да қауіпсіз мөлшерде қолданылады.

Пальма олеині — балалар тағамында қолдануға рұқсат етілген қоспа. Ол салманың пішінін сақтап тұру үшін қосылады: салма ағып кетпей, ішіне жақсы тұрып қалады. Бұл зат өте аз мөлшерде ғана қолданылады әрі балалар үшін қауіпсіз деп саналады.

Ал жасанды қоспалар ше?

Мұнда ондай қоспалар жоқ. "Барни" бисквиттеріне синтетикалық бояғыштар, жасанды хош иістендіргіштер немесе консерванттар қосылмайды. Мысалы, какао ұнтағының арқасында бисквиттің түсі шоколад сияқты болып шығады. Ал құлпынай немесе банан қосылған түрлері үшін табиғи жеміс ұнтақтары қолданылады. Жағымды иіс ванилин мен күнделікті өнімдерден алынатын табиғи хош иістендіргіштер арқылы беріледі.

Бисквит ұзақ уақыт бойы жаңа піскендей болып тұрады. Бұл оның жасалу тәсіліне байланысты. Әуелі бисквит пісіріледі, содан кейін ішіне салма салынады, соңында дайын бисквит бірден герметикалық, яғни ауа кірмейтін қаптамаға салынады. Дәл осы технологияның арқасында "Барни" бірнеше ай сақталып тұрады. Бұл – оның құрамында консерванттар жоқ екенінің тағы бір дәлелі.

“Барни” бисквиті неге үлпілдеп тұрады?

Бисквитті бөлсеңіз, ішінен көп ұсақ көпіршікті байқауға болады. Дәл осы көпіршіктер оны жұмсақ әрі үлпілдек етеді. Осындай құрылым алу үшін құрамына екі таныс зат қосылады: эмульгаторлар мен қопсытқыштар. Бұл — әлемдегі барлық наубайшы қолданатын, қауіпсіз әрі рұқсат етілген қоспалар.

Эмульгаторлар — қамырдың барлық құрамын біркелкі араластырып, тегіс консистенция береді. Соның арқасында дайын бисквит жұмсақ болып піседі әрі тістегенде үгітіліп кетпейді.

Қопсытқыштар — бұл қамырды көтеріп, үлпілдек етуге көмектесетін заттар. Оларға ас содасы сияқты таныс қоспалар жатады. Бисквитті пісіргенде қопсытқыш қамырдың ішінде ауа көпіршіктерін шығарады. Сол көпіршіктер қамырды көтеріп, бисквит дәл үйде пісірілгендей жұмсақ әрі дәмді болып шығады. 

"Барни" бисквитінің жұмсақ, үлпілдек әрі дәмді болып шығуы — құрамындағы қарапайым және сенімді өнімдердің арқасы.

Көп ата-ана балаларға тәттінің ішінде не барын нақты білмегеннен оны балаларына беруге қорқады. Ал бисквиттің неден жасалғанын, қаншалық қант бар екенін білсе, оны балаға беруге болып-болмайтынын әлдеқайда оңай шешетін еді.

"Барни" — құрамы түсінікті, мөлшері ыңғайлы, дәмі таныс және тексерілген өнім. Сондықтан оны баланың тамақтану рационына сенімді түрде қосуға болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 18:00
Талқылау
`