Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барби қыз еркектерді есінен тандыра бергендіктен жұмысынан шығып кетті

Будапешт қаласының Барби қуыршағынан аумайтын  тұрғыны еркектерді естен тандырғаны себепті жұмыстан кетуге мәжбүр болды.

22 жастағы Барбара Луна Сипос бала кезінен Барби қуыршағына қызығып өскенін айтады.

«Барби қуыршақтарымен ойнау - менің балалық шағымдағы алғашқы естеліктерді еске түсіреді. 17 жасымда мен қуыршаққа айнала бастадым», - дейді ол.

Содан бері бойжеткен он рет пластикалық операция жасады, оның құны 135 мың фунт стерлинг (69 мың теңге) болды. Сонымен қатар, ол екі ринопластикадан өтіп, кеудесі мен бөксесін үлкейтіп, төменгі жақ пен маңдайдың пішінін түзеді. Оны бұрынғы күйеуі қаржыландырды.

Сипостың сөзіне қарағанда, өзгерістен кейін оған азаматтар шынайы түрде қарамайтын болған.

Бұрын бойжеткен қабылдау бөлмесінде хатшы болып жұмыс істеген, бірақ кетуге мәжбүр болды, өйткені сыртқы келбеті мен сүйкімділігі ер адамдарды есінен тандырған.

Бойжеткен өзінің жетістіктеріне көңілі толатынын айтты. Қазірдің өзінде үшінші рет ринопластика жасатуды, қабырғаларын алып тастап, басқа косметикалық процедуралар жасауды жоспарлап отыр.


"Бұрын сондай сүйкімді еді": Жас қыз қуыршаққа ұқсау үшін бір жылда 15 ота жасатқан


 

Талқылау