Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкте ипотека рәсімдеп, миллион ұтып ал

ЦентрКредит Банкі өз клиенттеріне арнап жаңа науқан жариялады. 19 ақпанға дейін "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламалары арқылы ипотека рәсімдеген қазақстандықтар жаңа пәтер ғана емес, 1 миллион теңге ұтып алу мүмкіндігін иеленеді. 

,wr

"Жолы болып, миллион теңге ұтқан 19 тұрғын жаңа үйде қоныс той тойлай алады. Бұл біздің жаңа баспана алғандарға деген көрімдігіміз болмақ", - деді Банк ЦентрКредиттің басқарушы директоры Павел Кравченко.

1 миллион теңге ұтысына қатысу үшін 2021 жылдың 19 ақпанына дейін "7-20-25" және "Баспана Хит" мемлекеттік бағдарламалары бойынша ипотека рәсімдеу қажет. 

1 миллион теңге Қазақстанның барлық өңірінде ойнатылады. 

"Бір айта кетерлігі, зейнатақы жинақтамасының жарты бөлігін қолданып, үй алайын деп жатқандар да науқанға қатыса алады. Жеңімпаздарды несие келісімшартының нөмірі арқылы кездейсоқ сандардың генераторымен іріктеп аламыз. Ұтыс Instagram желісінде тікелей-эфирде көрсетіледі. Ақшалай сыйлық клиенттің өз шотына немесе жаңадан ашылған есепшотқа аударылады. Табыс салығын банк өтейді", - деп қосты Павел Кравченко.

Айта кетейік,  "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламалары арқылы ипотеканы төмендегі сілтеме бойынша рәсімдеуге болады. 
https://www.bcc.kz/product/ipoteka-7-20-25/
https://www.bcc.kz/product/baspana-khit/

Бағдарлама Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді. 

Ескерту: Егер жеңімпаздар 24 сағатта байланысқа шықпаса, ұйымдастырушылар ұтысты ойнату үрдісін қайта өткізуге құқығы бар. 

 

Талқылау