Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балықтар қырылып қалған: Қызылорда облысындағы көлдің сынама нәтижелері белгілі болды

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясынан балықтардың өлуі туралы ақпарат түсуіне байланысты, "Қазгидромет" РМК Қызылорда облыстық экология департаментімен бірге жоспардан тыс тексеруге шығып, Талдыкөл су айдынындағы екі нүктеден су сынамасын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Су сапасының сараптамасы 30 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. 

"Алғашқы күнгі сараптаманың қорытындысы бойынша су температурасы 1,8–3,1ºC аралығын көрсетті, сутек көрсеткіші 7,6-7,7, судың тұнықтығы - 21см, түстілігі – 6-8 градус, иісі – 0 балл болды. Табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ. Суда ерітілген оттегі концентрациясы төмен екені анықталып, 1,6-3,0 мг/дм3 –ты көрсетті. Оның көлемі 4 мг/дм3-тан жоғары болғанда нормаға сай деп есептеледі", - дейді мамандар. 



Қазіргі уақытта су сынамасының сараптамасы басқа да көрсеткіштер бойынша жалғасып жатыр. Оның қорытындылары туралы қосымша хабарланады.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысындағы көлде балықтардың қырылып жатқаны туралы жазған болатынбыз. 

STAN.KZ
Жұма, 08 Қаңтар, 2021 08:55
Талқылау