Беті адамға ұқсайтын балық ауыл тұрғындарын шошытты

Таиланд тұрғыны бет пішіні көңіл күйі жоқ адамға ұқсайтын балық аулаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsflare басылымына сілтеме жасап. 

26 қазан күні тайдың Краби провинциясында тұратын 33 жастағы балықшы Прасерт Шукул Андаман теңізінің жанындағы аралдардың біріне көк шаяндарды аулау үшін арнайы ау құрған. Бірақ балықшы судан шаян емес, ерекше балық аулаған. 

Балықтың денесі қысқа, көзі мен аузы адамдікіндей болған. 

"Оның тісі болған жоқ. Сондықтан балық көңіл күйі жоқ өкпелі адамға қатты ұқсап тұрды", - дейді Шукул. 

Ер адам бастапқыда балықтан қорқып, оны суға қайтадан тастап жібермек болған. Артынша оны өзінің ауылында тұратындарға да көрсетпек болады. Біртүрлі балық оларды да шошытқан. 

Ер адам үйіне келгеннен кейін жергілікті теңіз биологтарына балық туралы хабар берген. Алайда олар өзі де бұл балықтың қай тұқымдасқа жататынын анықтай алмаған. Олар бұл балық бетін құмға қадап, езуін ашып, кішкентай балықтарды аулап жейтін Pollicaris тұқымдасына жатқызды. 

Шукул ерекше балық сәтсіздік алып келеді деп үйінде қалдырмаған. Ол су жануарын биологтарға берген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр