Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласын асырап алушыларға беретін әйелдің бейнежазбасы 3,5 миллион адамды тебірентті (фото)

Анасы мен жаңа туған сәбидің алғашқы кездесуі – ғажайып сәт. Бірақ, Ханна Монги үшін бұл сәт өте ауыр болды. Себебі, ол баласын асырап алушыларға беруге мәжбүр болды. Әйелдің баласына арнап түсірген бейнежазбасы желіге тарап, 3,5 миллионнан астам қаралым жинады.

Ханна Монгидің 18 жасында аяғы ауыр болып қалған. Ал, сол кезде күйеуі Кейденнің жасы 20-да болған. Олар балалы болатындарын білгеннен кейін, өздері әлі жас болғандықтан оны асырап алушыларға береміз деп шешкен.Себебі, екеуі де өте жас, білімі жоқ, жұмыссыз және үйсіз болды. Алайда, Кейденнің жүрегі тоқтап қалып, өмірден өтті. Сонда да әйел баласын асырап алушыларға береміз деген райынан қайтпаған. Бұл бала үшін де дұрыс шешім болады деген байламға келеді.

«Мен өмір бойы ана болуды армандадым. Тек, дәл қазіргі уақытта емес. Кейденмен екі ай ғана кездестік. Бізге үйленуіге де, балалы болуға да ерте болды. Ұзақ ойландық. Сосын Кейден «біз не істесек те балаға жақсы болатын жағын ойлауымыз керек» деді. Біздіңше, тек дұрыс шешім оны асырап алушыларға беру болды.

Кейденнің анасы менің анама онің өлгені туралы естірткенде мен қатты қиналдым. Оның өлімінен кейін мен төсктен тұра алмай жатып қалдым. Ата-анам менің жағдайымды уайымдай бастады. Сонда да олар маған демеу болып, үнемі баланы асыраушыларға беру туралы есіме салып отырды. Әкем «біздің баламыз бақытты өмір сүруге, таңертең ұйқыдан тұрғанда өз төсегінен оянуға және оны жақсы көретін ата-анасы болуға әбден лайықты» деді. Мен қатты күйзеліске ұшырадым. Бірақ өз баламды басқаларға беретін күнде жетті. Бұл шешім ол үшін жақсы болады», -дейді Ханна.

Бала дүниеге келгеннен кейін Ханнаның онымен бірге өткізетін 48 сағат қана уақыты қалды. Сосын оны жаңа ата-анасы Брэд пен Эмили Марштарға тапсыруға мәжбүр.

Әйел сол 48 сағатта баласына арнап бейнежазба түсірумен айналысты. Онда баласына неге басқа отбасыға бергенін, неге мұндай шешімге барғанын түсіндірген.

«Маған өте қиын болды. Мен үнемі Кейденді ойладым. Ал Таггарт оның бір бөлшегі еді. Балам өскесін осы кездегі менің жағдайыма түсіністікпен қарағанын қалаймын. Осындай шешімге барған көптеген ата-аналар хат жазып жатады бірақ мен бейнежазба қалдыруды шештім»

«Егер мен сені жақсы көрмесем, сені дүниеге әкелмес едім, және сенің қазіргідей отбасың да болмас еді. Мен сені жақсы көремін Таггарт Кейден Марш», – деді бейнежазбада Ханна.

Бақытына орай, Хана Марштар отбасымен баласын көріп тұруға келісім жасаған. Қазір Таггарттың жасы екіде. Ханна баласын бағуға барып тұрады.

Эмили мен Брэдтің 3 баласы бар. Олардың барлығын асырап алған. Эмилидің айтуынша, үлкен ұлының биологиялық анасы хат жазып кеткен. Ол ер жеткесін хатты оқытамын деп отыр. Ол Ханнаның видеосы өте ерекше екенін айтты.

«Менің ата-анам Эмили мен Брэдтің балаларын өз немерелеріндей көреді. Әр мереке сайын сыйлықтар беріп, кездесіп тұрамыз. Эмили мен үшін ең жақын досымдай болып кетті. Оны мақтан тұтамын», -дейді Ханна.

Бейнежазбаны Ханна өзі түсірген. Ол Facebook-тегі Love What Matters жобасында жарияланып, 3,5 миллион қаралым жинаған.

Ханна желі оқырмандарынан мұндай нәтиже күтпеген. Ол осы оқиға бала асырап алуды ойлайтындарға сабақ болғанын қалайды.

Тағы оқыңыз:

Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

Ер адам пойыз астына түсіп аман қалды (видео)

Ғалымдар адамша жуынған тышқан туралы видеоның құпиясын тапты

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді (фото)

Талқылау