Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген
Дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы келіншек құдды бұйрық секілді естілген өзінің басында пайда болған дауыстан соң кішкентай баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген.
Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.
“Қазір бала есін жиды, оның жағдайы тұрақты”, – дейді медициналық орталық басшысы.
Ал полиция болса баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша тексерісті бастап кетті. Сондай-ақ, оқиғадан соң әйелді бірден жүйке аурулары диспансеріне жеткізгені де анықталды.
“36 жастағы келіншек бізде жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар деген дерекпен есепте тұрады. Ол өзіне бұйрық секілді естілген басындағы дауыстан соң осындай қадамға барған”, – дейді дәрігерлер.
Қазіргі таңда әйелге арнайы ем курсы тағайындалды.
Еске салсақ, 12 қыркүйек күні 36 жастағы әйел үш жасар ұлын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген болатын. Ауыр жарақат алған бала бірден ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген
Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, әйел мен бала зардап шекті
Түркістанда ер адам мешіт тонап жатқан жерінен ұсталып қалды