Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек , 2017 21:43

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аяқ астынан ұстамасы ұстап қалған әйел келген құтқарушыларға еш мүмкіндік бермеген. Олар үйге кіргенше, келіншек баласын лақтырып жіберіпті. Періштесі қаққан 3 жасар Богдан тірі қалған. Бірақ хал үстінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

лактырып жіберген

Оқиға, дәл осы 5 қабатты жатаханада болды. Аяқ астынан ұстамасы ұстап қалған науқас келіншек алғашында бөлмесінің терезесін сындыра бастаған. Сол сәтте көршілері сабырға шақырып, полиция қызыметкерлеріне хабар беріпті. Алайда, құтқарушылар жедел жеткенімен, бүлдіршінге көмек көрсетіп үлгермеген. Олар бөлмесінің есігін бұзып кіргенше, әйел 3 жастағы Богданды терезеден лақтырып жіберіпті.

«Баланы әкетіп бара жатқан кезде шешесін іздепті. “Мамам, қайда?” деп айқайлаған», – дейді көршісі Руслан Әбдіраймов.

Бүлдіршін ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Алғашында ес-түссіз күйде болған. Дегенмен, дәрігерлер дәл қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Бірақ алған жарақаттары өте көп екен.

«Бас жарақаты. Мидың шайқалуы. Одан кейін, оң жақ сан сүйегінің ашық сынуы. Сонымен қатар іштің жабық жарақаты. Оң жақ бүйректің соғылуы. Осындай диагноз қойылды», – дейді Семей қаласы ММУ медицина орталығы балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Марат Әубәкіров.

Жұрттың алдында баласын терезеден лақтырған ана да бірден психоневрологиялық диспансерге жөнелтілген. Ондағылар бұл әйелдің 2015 жылдан бері тіркеуде тұрғанын жеткізді. Ауруханаға түскен ол әлі есін жинамапты. Қазір, полиция қызыметкерлері оған қатысты қылмыстық іс қозғаған. Енді келіншек баланы өлтірмекке оқталғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, әйел мен бала зардап шекті

Түркістанда ер адам мешіт тонап жатқан жерінен ұсталып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар