Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, әйел мен бала зардап шекті

Алматыда Байтұрсынов және Тимирязев көшелерінің қиылысында автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті.

3227997

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жол апаты Байтұрсынов және Тимирязев көшесінде болған. Оқиға куәгерлері мен автобус, Toyota Camry жүргізушілерінің айтуынша, Camry мен Mitsubishi Galant Тимирязев көшесімен батыс бағытта келе жатып, екеуі де Байтұрсыновқа бұрылмақ болады.

3228056

3228115

Camry бұрылып үлгермей, тоқтап, автобусты өткізіп жібереді, ал Galant қоғамдық көлікке жол берместен, бұрыла бастаған.

3228174

Автобус жүргізушісі тоқтай алмай, бар жылдамдықпен Mitsubishi көлігін бір бүйірден соғады. Жол апаты салдарынан Galant жолаушылары – жүргізушінің әйелі мен баласы зардап шеккен, олар ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Талқылау