Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

Өскеменде Қазақстан көшесінде орналасқан 12 қабатты үйде өрт болған. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

9898

Оқиға орынына жеткен өрт сөндірушілер 10 қабаттағы баспалдақ аумағының жанып жатқанын анықтаған. Сондай-ақ, ағаш жиһаздар мен ескі киімдер де өртке оранған.

Куәгерлердің сөзінше, өртке дейін сол жерде мас адам болыпты.

“Өрт аумағы 2 шаршы метр болып, қатты түтін жайлаған. Өрт сөндірушілер үйден 20 адамды эвакуациялады, оның ішінде үшеуі балалар. Сонымен қатар, өрт болған жерге жақын жердегі пәтердің ішінде 2 бала болған. Пәтердің есігі сыртынан кілттелген екен. Мамандар қауіпсіздікті бақылау мақсатында олардың пәтеріне терезе арқылы еніп, пәтерге түтіннің кірмегенін анықтады”, – делінген хабарламада.

7 техника бірлігі мен жеке құрамның 21 адамы жұмылдырылып, өрт дер кезінде сөндірілген.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Талқылау