Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланы өзім ұстап алдым": Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязов ұлды болды

Нью-Йорктің ең үздік полицейі атанған Димаш Ниязов әке атанды. Шымкент қаласының тумасы ұлды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

Димаш Дженнифер есімді америкалық аруға осыдан бірнеше жыл бұрын үйленген. Жуырда олардың тұңғыштары дүниеге келді. Ниязов ұлын Камил деп атады. 

"Дженнифер – нағыз батыр, өзіміз жоспарлағандай, үйде босанды. Дәрігер де, ауыруды басатын дәрі де болған жоқ. Тек біз және акушер жылы үйде болдық. Оңай болған жоқ, бірақ бұл менің өмірімдегі ең ғажап тәжірибе болды. Мен баланы ұстап алып, кіндігін кестім, қаласаңыздар, кейін толық айтып беремін. Мен ешқашан ұмытпайтын өмірлік сәт. Жұбайымды сүйемін, баламды жақсы көремін. Әке болғаныма сене алмай тұрмын", – деп бөлісті Ниязов. 



Айта кетейік, Димаш Ниязов – Шымкент қаласының тумасы. Көп жылдар бұрын отбасымен АҚШ-қа көшіп кеткен. Бірер жыл бұрын ол Нью-Йорктің үздік полицейі атанған болатын.

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 20 Мамыр, 2022 14:10
Талқылау