Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пайғамбарымызға сәлем жолдап, қаламен қимай қоштастым": Дәулет Мұқаев қызына қойған есімнің сырын айтты

Дәулет Мұқаев үшінші рет әке атанды. Блогер қызына Медина деген есім берді. Бұл есімнің сырын өзі айтып берді. 

Дәулет Мұқаев қызы өмірге келгенде мұсылмандық парызын өтеп, қажылықта жүрген. Ол Медина қаласымен қимай қоштасып, өз қызына қасиетті қаланың атын берген. 

“9 ай, 9 күн дегенде дүние есігін ашқан қызымызға Медина деген ат қойдық. “Қыз өссе  – елдің көркі”. Бір қызық айта отырайын. Мединаның дүниеге келген уақытында мен Арафат тауында (жазығында) тұрған едім. Бұл жерде Адам Ата мен Хауа Ана кездескен. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Медина қаласында жерленген. Бұл қала ерекше қала. Сөзбен жеткізіп айта алмаймын.

Мединадан Меккеге жолға шығарда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем жолдап, бұл қаланы іштей қимай қоштасқан едім... Енді мені өз елімде кішкентай Медина күтуде, Ин Ша Алла. Қызым, бақытты ғұмыр кеш. Білімді, иманды, салиқалы қыз болып өс. Қылықты қыз бол. Өмір жасың ұзақ болсын. Бір Аллам сені үнемі қолдап, жәрдемші болсын”, – деді тележүргізуші. 



Тележүргізуші бұған дейін қызы өмірге келенін айтып сүйінші сұрады. Жары Лаураға алғысын білдірді. Енді нәрестеге салиқалы өмір тілеп, ақ тілегін арнады. 

Өнер өкілдері мен әншілер бауы берік болсын десіп жатыр.

“Бауыржан берік болсын!” – деді Динара Сәтжан.

“Құтты болсын”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

“Ал бауы берік болсын! Бақытты балапан болып өссін!” – деді Айнұр Тұрсынбаева.

“Бауы берік болсын, Дәулетжан! Саналы, білімді болып өссін!” – деді Сәкен Майғазиев.

“Құттықтаймын! Алла өмір жасын ұзақ та мәнді етсін!” – деді Гүлзира Айдарбекова. 

“МашАллах! Бауы берік болсын”, деді Артур Төлепов.

“Бауы берік болсын”, – деп жазды Жұлдыздай Дүйсенбиева мен Сара Тоқтамысова. 

Талқылау