"Баламды өзіммен бірге жұмысқа апарамын": Қарағандыда ата-аналар шағын орталықтарды ашуды талап етті
Қарағандыда ата-аналар шағын орталықтарды ашуды сұрап жатыр. Балабақшалары жоқ аудандарда аналар алты айдан бері жұмысқа бара алмай отыр немесе балаларын толып жатқан автобустарда өзімен бірге алып жүруге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
50 жуық ата-ана мектеп директорына келіп, 16 наурыздан бастап қызметін тоқтатқан шағын орталықтарды қайта ашуды өтінді. Бұл - 19 жылдан бері екі ауылға бұйырған жалғыз мекеме.
"Мен оны өзіммен бірге жұмысқа апарамын. Автобуспен тасимын, оның іші толып тұрады", - деді ата-ана Мадина Түсіпбаева.
Шағын орталықта 4 топ бар, олардың бөлек мектебі, асханасы, ас бөлмесі мен аспазы бар. Орталықтың тәрбиеленушілері мектеп оқушыларымен байласнысқа түспейді, тек бір есіктен кіреді.
"1 сыныптар барады ғой, олар кестемен барады. Менің ойымша, балабақшаға да осындай жүйені енгізуге болады", - деді ата-ана Лариса Краснощекова.
№33 мектеп-балалар бақшасы кешенінің директоры да тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне арыз жазған, бірақ олар рұқсат бермеген.
"Әрине, Қарағанды облысы бойынша шағын орталықтардың ашылғанын қалаймыз, ол тек санитар дәрігердің шешіміне байланысты", - деді №33 мектеп-балалар бақшасы кешенінің директоры Айман Сәдуақасова.
Аудандағы санитар дәрігерлер еліміздің бас санитар дәрігерінің бұйрығына бағынуға міндетті екенін мәлімдеді.
"Балалар бақшасының ғимараты бөлек орналасуы керек. Олар білім беру орындарында, мектептерде орналаспауы керек. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдету шаралары қабылдануы мүмкін", - деді Октябрь ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім жетекшісі Еркебұлан Төлеуханов.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
