Күтушісі 2 жасар сәбиді ұрды деген шулы оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды
Тергеу бойынша баланың қандай жағдайда жарақат алғаны анықталып жатыр.
Сәби әлі емханада. 2 жасар Мансұрдың жарақаты салдарынан бас сүйегінің кішкентай бөлігі алынып тасталды. Дәрігерлер оны пластикамен ауыстырмақ.
«Тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесінде сәбидің неден жарақат алғаны белгілі болады», – дейді Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінде.
2 жасар Мансұр 15 күн бойы комада жатқан. Бала күтушімен бірге қыдырғаннан кейін ол емханаға түскен. Сәбидің бас-ми жарақаты және өзге де жарақаттары анықталған.
Бұған дейін Алматыда 2 жастағы бүлдіршінді күтушісі аямай ұрып-соғып, комаға түсіргені жайында хабарлаған едік. Күтушісі аяусыз ұрған сәбидің анасы оқиғаның адам шошырлық жайттарын айтып берген еді.
Жіберіп алмаңыз:
Воронеж тұрғыны қараңғыда қарындасын танымай, ұрып-соғып тонап кеткен
Шымкентте ер адам әжесін зорламақ болған танысын ұрып өлтірді
Австралиялық топ-модельді күйеуі ұрып жатқан бейнежазбасы пайда болды (видео)
Күйеуі өлтірген Нұрипаның анасы құдағиын да қамауға алуды сұрайды