Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бағаның белгіленуіне қатысты бақылау жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Көкшетауда, дәнді дақыл бойынша маңызды өңірлердің бірінің астанасында, ұн бағасының өсуі жоғары болды – шамамен 47 пайыз. Осылайша, халықтың нақты табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыздың бәрі жоққа шығарылады. Бұл бағаның белгіленуінде тиісті бақылау жоқ екенін көрсетеді», - дейді Тоқаев.

Өз сөзінде президент министрліктер «бағаның өсу деректерін тіркеп, әдеттегідей валюта бағамының құбылуына, ауыл шаруашылығының маусымдық сипатына сілтеумен ғана шектеліп отырғанын» айтты. 

«Экономика, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің арасында үйлесім жоқ. Өз кезегінде әкімдер бұл жұмыстан өздігінен шеттеліп қалған. Тұрақтандыру қорлары азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандырып отырған жоқ деуге болады. Бағалардың шекті мөлшері бақыланып отырған жоқ. Менің тапсырмам орындалмады», - дейді мемлекет басшысы.


Тағы оқыңыз: Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды


 

Талқылау