Бағасы қымбаттағанымен, халықтың табысы артпады: Депутаттар темекінің құнына шүйлікті
Сенат депутаты Сергей Ершов жаңа құжат контрафактілі өнімдердің көбеюіне әкелетіндігін айтып, темекі тартатындардың денсаулығына алаңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, кейінгі бірнеше жылда ЕАЭО аясындағы көптеген тауарларға қандай да бір мөлшерлеме мен акциздерді үйлестіру барысында акциздік салық салу айтарлықтай өсті.
"Әрине, темекі - бұл нан емес, және ол маңызды өнімдерге жатпайды. Мен өзімді темекі шегуді жақтайтын адамдар қатарына жатқызбаймын. Алайда, біздің азаматтарымыз темекі тұтынатынын ескеру керек. Темекінің бір қорабына баға өсіп, халықтың табысы бұрынғы деңгейде қалып отырған жағдайда, шығындардың одан әрі өсуі үлес салмағының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін. Заңсыз сауда, сол арқылы сапасыз контрафактілік өнімдер нарыққа шығады. Бұл темекі тұтынатын азаматтардың денсаулығының нашарлауына алып келеді", - деді Сергей Ершов сенаттағы пленарлық отырыста.
- Бір дубль үшін 8 темекі шектім: Актриса Дариға Бадықова өнердегі қызықты оқиғаларын айтты
- Қазақстанда темекі үш жыл ішінде үш есе қымбаттамақ
Салық бағасы өскен өнімдер қатарында бензин, дизель отыны, жеңіл автомобильдер, алкоголь және темекі өнімдері бар. Мәселен, бензинге акциз ставкасы 2 еседен астам - 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін, темекіге - 1 000 теңгеден 11 100 теңгеге дейін, яғни 10 еседен аса өсті.
Сенатор акциздер ұлғайғанда бюджетке салық түсімдері де сол бойынша едәуір ұлғаюы тиіс екенін атап өтті, бұл тиісінше қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатында көрініс тауып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге әсер етуі керек.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
