Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті
Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамағанын мәлімдеді.
Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті (видео)
"Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуежай әкімшілігі емге кететін барлық шығынды өз мойнына алғанын айтып, ата-аналардан балаларын күту орнында мұқият бақылауды сұрады.
Талқылау

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”

Депутаттың компаниясы тендерді жеңіп, 700 млн теңгеге жол жөндеген: Тұрғындар сапасыз асфальтты қайта төсеуді талап етті
Депутат Минасян Оганестің компаниясы жөндеу жұмысын кеш аяқтағаны үшін 11,5 миллион теңгені мемлекетке қайтарды