AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағаларыңды төмендетеміз": Жезқазған колледжінде куратор студенттерден ақша жинап келген

Жезқазғандағы жоғарғы медицина колледжінде куратор студенттерді балағаттаған. Онымен қоймай ақша жинап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшылығы мәлімдеді. Колл орталыққа студенттерден шағым түскен. Жалпы аймақта "ақша жинады" деген күдікке ілінген мұғалімдер аз емес. Соңғы екі аптада 9 дерек тіркеліпті. Жөндеу жұмыстарына, мерекелерге, бітіру кештеріне, сыйлыққа деп жиналуға ата- аналар комитеттерінің өзі түрткі болады, - дейді құқық қорғаушылар.

Қаладағы 102-інші мектеп-гимназияның мұғалімдері балалардың бағасын төмендету арқылы ақылы білім алуға итермелеген - деп айыпталды. Қазір бұған қатысты тексіріс басталған.

“Ата- ана мұғалім баланың бағасын төмендету арқылы ақылы қосымша сабақтарға баруға мәжбүрлемек болды деп шағымданып отыр. Яғни репетитор алуға итермелеу арқылы осындай жолмен ата- анаға қосымша шығын келтіреді. Бұған жол берілмейді. Сондықтан құзыретті орындар тексеріп жатыр”, – дейді Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департаменті басқармасының басшысы Бауыржан Құсайынов.

Құзырлылар анықтаған келеңсіздіктер мектеп пен колледж басшылары үшін күтпеген жайт болды. 102 –інші гимназияның директоры, өзіне ешкім шағым айтып келмегенін, сондықтан мұндайдан бейхабармын деп отыр.

“Білмеймін да, осы жерге келіп естіп тұрмын. Ата-аналар жиналысымызға жақсы қатысады. Бұндай сұрақ болған емес. Келіп те жолыға алады ата- аналар маған. Ешқандай мұғалім тарапынан, ешқандай ата- ана тарапынан балаға мұндай шағым болған емес”, – дейді Қарағанды қаласы №102 мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Оспанова.

Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті кәсіпкерлікпен айналысқан 14 мектеп пен колледж басшыларын анықтаған. Ал жемқорлыққа жол берген 16 мемлекеттік мекеменің жетекшілері қатаң сөгіс алған. Мұнымен қоса 6 мұғалімнің ұлттық біліктілік тестілеу қортындысы бойынша алған сертификаты жалған болып шыққан. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 385- інші, яғни "жалған құжат жасау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр