Сапарбаев үйі қирағандарға 100 мың теңгеден берілетінін жоққа шығарды
Су шайып кеткен үйлердің өтемақысына 100 мың теңге ғана беріледі деген ақпарат жайлы Ақтөбе облысының әкімі естімеген болып шықты.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Бердібек Сапарбаев зардап шеккендердің көңілін күпті еткен мәселеге қатысты бүгін түсініктеме берді. Аймақ басшысы, 100 мың емес, үй саламын деген 64 отбасына 1 миллионнан беріп жатырмыз деді.
«Біз қазір үйлері құлап қалған, бұзылған кісілерге пәтер бере бастадық. Кейбіреулеріне жер бере бастадық. Одан кейін жер бергендерге, олардың тұрмыс жағдайлары нашар болатын болса, құрылыс материалдарына ақша бөлдік. 1 миллион теңгеден бөлдік», – дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Сапарбаев ақтөбеліктерге еңбектенуді Тараз тұрғынынан үйренуге кеңес берді (фото)
Шымкентте бір қызды екі рет алып қашқан жігіт сотталды
Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды
Министрлік ҰБТ кезінде жасырған шпаргалкаларды қалай тексереді