Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды

Жұма, 12 Мамыр , 2017 18:30

Павлодардық шенеуніктер Жеңіс күнінде Қазақстанның ең қарт ардагерін құттықтауды ұмытып кетті. Соғыс ардагері Бұхариден Серімов қазір 108 жаста. Ардагердің көзі де көрмейді, құлағы да естімейді. Ол жергілікті билік әлі де болса өзін құттықтар деп үміттенеді.

d4bfb248558d6f98913441d11aa496af__980x

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ардагердің немересі Жанат Серімов жергілікті билік өкілдерінің салғырттығына наразы. Ол атасының Ұлы Отан соғысына қатысып, Жапония соғысын басынан өткергенін айтады.

«Атамды асырайтын бала-шағасы бар. Сондықтан әкімдіктен ешқандай ақша да, сыйлық та керек емес. Бастысы – еңбегін елеп ескерсе дейміз. Жеңіс күніне орай атам «Шенеуніктер келіп құттықтамады ма?» деп сұрай берді», – дейді немересі Жанат Серімов.

d4bfb248558d6f98913441d11aa496af__980x

Ардагерді мешіт қауымы мен әйелдер арасындағы еріктілер құттықтаған. Сонымен қатар, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өзі құттықтау хатын жолдаған. Алты жыл бұрын Бақытжан Сағынтаев ардагерге арнайы келіп, әңгімелескен екен.

«Телеарнадан әкімдердің соғыс ардагерлерін құттықтағанын көрсетіп жатты. Атам осы мерекені қатты күтіп еді. Қала, облыс әкімдігінен әкімнің өзі болмаса да өкілдері келіп құттықтайтын жөні бар. Тіпті тыл ардагерлерін де құттықтап жатыр. Ал, әкеміз елеусіз қалды», – дейді қызы Сара Серімова.

Жеңістің 70 жылдығы кезінде ардагерлерді медальмен марапаттады. Сол кезде әкімдік қызметкерлері Бұхаредин Серімов ақсақалға медальді тапсырғаннын орнына, көршісінің үйіне тастап кеткен екен.

Әкіміктегілер әлеуметтік желіде жазылып жатқан хабарлама жайлы пікір білдіріп, барлық ардагерді құттықтағандарын айтты. Олар әр ардагерге жеке барып, қол алып жүру мүмкін еместігін сөз етті.

«Павлодарда 102 ардагер бар. Олардың бәріне әкімдік өкілдері бара алмайды. Біз тым құрығанда қандай да бір әрекет етіп, алғыс айта алатын ардагерлерді құттықтау тізіміне енгіземіз. Солардың ішінде, мәселен, арбаға таңылғандарды атауға болады», – дейді Павлодар қаласының ардагерлермен және жеке тұлғалармен жұмыс, әлеуметтік бағдарлама мен қорғау бөлімінің меңгерушісі Ляззат Ахметжанова.

Ол мереке қарсаңында ардагерлерге жеміс-жиек, конфет, өзге де азық-түлікпен бірге 150 мың теңге сыйақы бергенін, бірақ жеке-жеке үйлеріне бармағанын айтты.

Ардагер соғысқа Брянскідегі 639-атқыштар полкінен 33 жасында аттанған. 1942 жылы мамыр айында жараланып, Бакуге госпитальға жіберілген. 53-артиллериялық бригада құрамында ІІ украиналық фронтқа түседі. Бұхаредин Серімов барлық соғысты басынан өткеріп,  Украина, Польша, Германия қалаларын азат еткен. Жеңіс кезіне Маньчжурияда болған. Алайда, бұл еңбегінің ешбірі оның қолын алып, марапаттауына татымаған секілді. Оның «қандай да бір әрекет етіп, алғыс айта алатындар» тізіміне енбегені қалай?

Дәурен Дакин

Тағы да оқыңыз:

Күйеуі 52 жыл отасқан жары қайтыс болғанын естіген соң өзі де өмірмен қоштасқан (фото)

Ата-анасы баласын далаға шығармай 14 жыл қапаста ұстап келген

Министрлік ҰБТ кезінде жасырған шпаргалкаларды қалай тексереді

Дәурен Абаев Георгиев және көк түсті ленталарға көзқарасын білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар