Шымкентте бір қызды екі рет алып қашқан жігіт сотталды

Жұма, 12 Мамыр , 2017 21:13

Ессіз ғашықтық соттатып тынды. Шымкент соты бүгін бір қызды екі рет алып қашқан әскери қызметкерге үкім кесті. Тараздағы әскери бөлімшеде келісім-шартпен қызмет еткен Ерғалым Нұрбаев екі ретінде де 22 жастағы сүйген қызының қарсылығына қарамаған екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

бір кызды екі рет алып кашкан

«Арманым Несібеліге үйленіп, сонымен отбасын құрып, әскери қызметімді ойдағыдай атқарып, ата-анама көмектессем бала-шағалы болсам деп едім. Осының бәрі осы жасаған әрекеттерімнің арқасында іске аспай қалды», – дейді Ерғалым Нұрбаев.

Ерғалым мен Несібелі 2014 жылы әлеуметтік желі арқылы танысып, содан бері жігіт қызға бірнеше мәрте отбасын құру туралы ойын айтқан. Қыз ата-анасының қарсы болатынын жеткізсе де, ғашық жігіт оны 2015 жылы бірінші рет достарымен алып қашыпты. Ол кезде бойжеткен дау-жанжалмен кеткенімен, үйлену туралы ойынан қайтпаған жігіт тағы бір жылдан соң ғашығын таксимен-ақ басып алып келген. Тек бұл жолы қуғыншылар полицейлерді ерте келіпті. Істі жіті тексерген сот ақыры Ерғалымның бұрын істі болмағанын және қыз жақтың кешірім бергенін ескеріп, 4 жылға шартты жаза кесті. Істің «адам ұрлау» дерегімен қозғалғанын ескерсек, 24 жастағы тараздық Мәжнүн оңай жазамен құтылып отыр.

«Аталған қылмысты Нұрбаев адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жасады деген қылмыстық дәрежелеу белгілері өз дәлелін таппады. Жәбірленушінің арызы бойынша және сотталушының жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, сот сотталушыға ҚР ҚК-нің 63-ші бабын қолданып, шартты түрде жаза тағайындады», – дейді Шымкент гарнизоны әскери сотының  судьясы, Жәмилә Төленова.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-ның екі тұрғынына үш балық үшін 8 млн теңге айыппұл салынды

Димаш туралы сұрақтар ҰБТ-ға енгізілмек

Қызды тойда билеп жүрген жерінен көтеріп алып қашқан жігіт елді таңғалдырды (видео)

Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар