Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия ойындарының жеңімпазы президентті тойына шақырды

XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Әсем Орынбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевты тойына шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған/aqorda_resmi

11 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.

Кездесуден сөз сөйлеген спортшы Әсем Орынбай Азия ойындарында бәсекелестік өте жоғары болғанын айтты.

“Біз қалайда жеңіске жету керек деп мақсат қойдық. Сол мақсатымызға жетіп отырмыз. Бұл жолы да бізбен бірге жаттықтырушылар және спорт саласындағы көптеген маман тер төкті. Дайындыққа федерация да көп үлес қосты. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз деп білемін”, – деді спортшы. 

Бұдан кейін Әсем Орынбай президентті қараша айында өтетін тойына шақырды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен осы спорттың арқасында өзімнің болашақ жарымды кездестірдім. Ол да спортшы. Осы қараша айында тойымыз болады. Сізді тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз", – деді Әсем Орынбай.

Еске салсақ, жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар арасында алғашқы алтынды стенд атудан Әсем Орынбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіп алған болатын. Сондай-ақ Әсем Орынбай жекелей сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Талқылау