"Ажырасқансың" деп тойға шақырмайтын": Айнұр Тұрсынбаева жеке өміріндегі сәтсіздікті есіне алды
Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Айтыс өкілі осыдан тоғыз жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты.
“2016 жылы Меккеге ауыр хәлде жеттім. Ажырасып, көп қарызға баттым. Дәл осы жерде домалап жылап жаттым. “Алла, мені берушілерден қылшы. Саған түк те емес, мені қуанту” дедім. Бірақ дұғам қабыл болады деп ойламадым. Осылай сорлап қаламын деп ойладым”, – деп бастады әңгімесін айтыскер ақын.
-
"Арабтың ақшасына қызығып отыр": Белгілі сынықшы Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты дабыл қақты
-
"Тонаушы болып шыға келдік": Айнұр Тұрсынбаева өзін сынағандарға жауап берді
Одан кейін айтысқа қатысып жүргенде пойызбен көп жүргенін де айтып берді.
“Кейде жол жүргенде тиын болса да, үнемдейін деп пойызбен жүре беретін едім. Пойызда жолсеріктер танып, тегін шай мен тамақ беріп, мәз қылып қоятын. Бизнес бастайын десем, көк тиын жоқ. Тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ. Айтыста қара тізімге кіргізіп тастаған. Қыз ұзатуға 200-300 мыңға шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға шақырмайтын. Аяқтан тұруыма жеті жыл уақыт кетті. Жеті жылда ақша жан-жақтан ағылып келе берді”, – деп жазды коуч-психолог.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмаған еді.