AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжұлдыз: Әкемнің 90-ға келген анасы мені көруге үйге іздеп келіпті, әлі де шок күйдемін

Айжұлдыз Адайбекова қайтыс болған әкесінің анасы, 90 жастағы әжесімен күтпеген жерден қалай танысқанын айтып берді.

Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында әжесімен қалай танысқаны жайлы айтты. 

"Мен әлі есеңгіреп отырмын, есікті ашсам, әже тұр. Әкем жағынан, білмейтіндер үшін айтайын, мен өз әкемді ешқашан көрмегенмін, өйткені мен әлі құрсақта болған кезде қайтыс болып кеткен. Қолында вафли бар екенін көріп тұрмын. Ол: "Мен оны саған арнайы пісірдім де, ұшып келдім. Немеремді, шөберемді көргім келді” деді. Әже сондай сүйкімді. Жасы 90-ға таяп қалған", - дейді дизайнер.

Одан әрі немересі мен әжесі бірге шай ішкен. 

"Тіпті мен бұлай дәмді вафли пісіре алмаймын. Әжеме қарап отырып, біздің өте ұқсас екенімізді байқадым. Мінезіміз бірдей. Ол өзіне сенімді, анық айтады, сабырлы, дана, кішкене өзімшіл. Шынымды айтсам, өте жағымды адам", - деді актриса. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жаза бастады. 

“Әжеңізді неге көрсетпедіңіз?”, “Туыстармен араласып тұру керек”, “90-ға келсе де сізді іздеп жүргенін айтсаңшы, ана деген сондай болады”, “Әжелер аман болсын”, “Атаң-әжең болған қандай жақсы”, “Аман болсын, жүзге келсін”, “Жақсы болған екен”, “Сізге сол кісінің жасын берсін”, “Батасын алғаныңыз жақсы болған”– деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр