Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Байзақова әкесі мен әпкесін не себепті көпшілікке көрсетпейтінін түсіндірді

Актриса Айжан Байзақова неліктен әкесі мен үлкен әпкесін желі жазылушыларынан жасыратынын түсіндірді.

Блогер отбасының басты мәселесін де атады. Instagram желісінде Байзақованың оқырмандарының бірі блогерден не себепті әкесі мен әпкесін ешқашан көпшілікке көрсетпейтінін сұрады.

Әлеуметтік желі қолданушысы олардың отбасылық фотосессия кадрларында да жоқ екенін атап өтті.

"Себебі әлеуметтік желіде өмір сүргісі келмейтін адамдар болады. Бірдей сұрақ қоюды доғарыңдар. Мен әркімнің таңдауын құрметтеймін, біздің отбасымызда бәрінің блогер болуы міндетті емес. Фото жүктеп салмасам, бұл олар жоқ деген сөз емес", - деді Айжан.

Тағы бір жанкүйер оның отбасының басты мәселесі туралы сұрады. Бұл сұраққа блогер шынайы жауап берді. Оның айтуынша, бұл әр отбасы мүшесінің мінез-құлқына байланысты.

"Отбасында жартымыз ренжігіш, мәселені талқыламағанды ​​ұнататын адамдармыз, ал екінші жартымыз ішіне ешнәрсе сыймайтын, кімге не үшін ренжігенін тез ұмытып кететін адамдармыз. Мен екінші қатарға жатамын. Бірақ біз тіл табыса алып жүрміз", - деп күлді блогер.


Мөлдір Төлебай
Жұма, 04 Наурыз, 2022 08:55
Талқылау