Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанда ату жазасын қолдауға шақырды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева балаларға зәбір көрсетіп, қорлап, жыныстық қатынасқа сүйрейтін немесе өлтіретін қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады.
Тұрсынбаева Алматыдан денесі табылған 11 жасар жеткіншек туралы өз ойын білдірді.
«Мына Азамат деген балапанды жоғалтып кетіпті деп 3-4 күн бұрын салған едім. Бүгін денесі табылыпты. Және азаптап өлтірген күдікті ретінде өгей шешесі ұсталып отыр. Қарғыс атқыр қанішерді атып тастау керек қой. Бұл не деген масқара?! Тәуелсіз елміз деп бөркіміз қазандай болады, ұрпағымызды қорғай алмайтын мемлекетте тұрып жатырмыз ба сонда?! Жалпы балаға қол көтерген, жыныстық қатынасқа сүйреген, азаптаған айуандарды ату жазасына кесетін заң шығару керек!» – дейді Айнұр Тұрсынбаева.
«Айтыстың аққуы» желі оқырмандарынан өзіне қолдау көрсетуді өтінді.
Жіберіп алмаңыз:
Болманов бесінші сәбилерінің қыз болуын жаратқаннан тілеп жүргенін айтты
Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады
Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Жақындары Мұрат Насыров жайында естеліктерімен бөлісті