Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің жаңа сүйіктісінің ұсынысын қабыл алды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазып, сүйінші сұрады.
“Қолымен және жүрегімен жасалған ұсынысты қабылдадым” деп жазды Баян. Осылай деп жазған продюсер Тұрсен Алагөзовпен бірге түскен суретін жария еткен. Мұндай жаңалықты продюсердің өз аузынан естіген желі қолданушылары оларға бақыт тілеп, 2000-нан астам пікір қалдырған.
Бұған дейін Баян Мақсатқызы мен Тұрсен Алагөзовтың арасында махаббат туындағаны туралы, бизнесменнің парақшасындағы суреттен байқалған еді.
Айта кететіні, продюсердің үлкен қызы Айсәуле Бақытбек өткен жылдың шілде айында анасының жаңа махаббаты туралы сыр білдіріп қойған. Сол кезден бастап жұрт Есентаеваның жаңа махаббатын іздей бастады.
Жаңа вирус па әлде ЖРВИ ма: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді