Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Ілиясова: Балаға анасынан артық ешкім қарай алмайды

Айнұр Ілиясова бала тәрбиесіне қатысты пікір білдірді. Ол алғашқы перзентті әрбір ата-ананың өзі қарағаны дұрыс екенін сөз етті. Яғни әзірге 2 жасар қызына күтуші жалдамаған екен.

18380603_265907303818535_7675740366275870720_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Баланы дамытуға бағытталған түрлі ойын ойнап, кітаптар оқып, музыка тыңдаймыз. Анна болғандықтан, балам үшін барлығын жасағым келеді», – дейді Айнұр Ілиясова.

Айнұр Ілиясова телеарнадағы жұмысын келіндік міндетіне ауыстырған болатын. Ол жұмысын сағынса да, кішкентай Дәриясын жалғыз тастап кетуге дайын емес екенін айтып жатыр. Бүгінде балаларға арналған шаралардың біріне актриса қызымен бірге келген.

«Балама тәулігіне 24 сағат қараймын. Әзірге көмекші алмадым. Себебі, балаға анадан артық ешкім қарамайды деп ойлаймын. Әрине, 2-3 бала болған жағдайда міндетті түрде көмекші қажет болады. Бала өте көп уақыт пен күш-қуатты талап етеді. Перзент сүюдің үлкен бақыт екені рас. Бірақ, оның да өтеуі бар», – дейді актриса.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Бақыт деген – махаббат дер едім

Бағдат Сәмединова: Қайрат пен Димашты салыстырып не ұтамыз?

Шахизадаға той иесі гонорар орнына аяқ киім сыйлаған

Бағлан Әбдірайымов той орталығының ашылу салтанатын дүркіретіп өткізді

Талқылау