Бағдат Сәмединова: Қайрат пен Димашты салыстырып не ұтамыз?

Сенбі, 3 Маусым , 2017 9:32

Халық артисі Бибигүл Төлегенова қазақтың маңдайына біткен қос әншінің бірін көкке, бірін жерге теңеді. Ал халық болса, қос әншіні салыстырудың өзін үлкен қателікке балады. Олардың арасында танымал жұлдыз Бағдат Сәмединова да бар.

норпвый коллаж

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың мұндай салыстыруларға еті үйренген. Себебі, Қайрат үлкен сахнаға шыққалы бері оны біреулер танымал әнші Мейрамбек Беспаевқа теңесе, енді біреулер Ернар Айдар мен Төреғали Төреәлимен талай салыстырған. Күні кеше ғана қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың сынына Қайраттың анасы жауап берді.

“Халық шешеді. Бірақ, «жерге» теңеп жатыр. Жер басып өмір сүріп жүрміз. Аса ренжіген жоқпыз. Қайрат Димаш бола алмайды, Димаш Қайрат бола алмайды”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тіпті, желілерде кейбіреулер Бибигүлдің сынын өздерінің пайдасына асырып жатқандар да бар көрінеді. Белгісіз біреу Қайраттың жары ретінде Жұлдыз Әбдукәрімова деп таныстырып, көпшілікке инстаграм желісі арқылы жауап беріп жүр. Әншінің суреттерін салып, пікірлер жазуды. Алайда, Гүлзира Айдарбекова өзінің келінінің мұндай қадамға бармайтынын және ешуақытта инстаграм парақшасын ашпаған айтып ағынан жарылды. “Жұлдыз мүлдем инстаграм желісін ашпаған”, – дейді ол.

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмидинова Қайрат Нұртасқа танымалдылық, елдің қошеметі, атақ-даңқ та тек еңбектің арқасында келді десе, ал Димашқа зор дауысты Алланың оған берген сыйы деп түсінеді. Тіпті, екеуін салыстырудың өзі ұят деген пікірде. Бағдат ханым осыдан бірнеше жыл бұрын Димаш ән сайысына қатысқан кезде шоу-бизнесте жүрген өнер адамдарының дұрыс бағаламағанын айтып, тіпті, оларды сынап та тастады.

“Салыстырып не ұтамыз. Өздері жиналып алып, Димашты сынады. Өздері кім екен? Еңбегі сіңбеген адамдарды жинап алып, олар дұрыс баға бермеді”, – дейді Бағдат Сәмединова.

Дегенмен, Димаштың бүгінде елдің сөзіне құлақ асуға шамасы жоқ. Себебі, 27 маусымда Астанада “EXPO-2017” көрмесі аясында өтетін “Бастау” атты жеке концертіне қызу дайындалып жатыр. “Астана арена” алаңына жиналатын көрерменге Димаш тек жаңа әндерін ұсынбақ.

Әлем таныған әншінің концертіне билеттерді шетелдіктер сатып алып жатыр. Олардың арасында Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея елдері бар. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 50 пайызы әнсүйер қауымның қолында көрінеді.

“Отырар таланттары”. Дәл осындай атаумен халықтың дәстүрлі шығармашылығын дамыта отырып, ел ішіндегі таланттыларды анықтайтын ән фестивалі алтыншы рет өтті. Ән додаға 80-ге жуық өнерпаз қатысты. Қатысушылар 6 номинация бойынша бақ сынады. Бұл фестиваль әлі де жалғасын табады.


Жіберіп алмаңыз:

Шахизадаға той иесі гонорар орнына аяқ киім сыйлаған

Бағлан Әбдірайымов той орталығының ашылу салтанатын дүркіретіп өткізді

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым (фото)

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар