Бағлан алғаш рет әйелі мен балаларын көрсетіп, отбасылық бизнесі жайлы айтты (фото)

Сенбі, 3 Маусым , 2017 8:53

«Жігіттер» тобы бірінен соң бірі жеке ән айтып жарысса, енді кәсіп ашуға кірісті. Топтағы Айдар Байжанов осыдан бірнеше жыл бұрын «Айдар» атты шайын халыққа ұсынған еді. Шағын кәсібін дөңгелетіп отырған әріптесіне енді Бағлан қосылды. Ол анау-мынау емес, той орталығын ашты, – деп хабарлайды Stan.kz.

bandicam 2017-06-02 22-11-39-880

Әншінің өзі кез-келген шыңға жеткен атақты өнерпаз өз нәпақасын тойдан табады дейді. Сондықтан да, той бизнесі «өлмейді» деген мақсатта орталықты шоумен Руслан Ысқақовпен бірлесе ашып отыр.

«Бағлан» деген той орталығын ашып жатырмыз. Орталықтың менің есіміммен аталуы өзінен өзі келген сәйкестік. «Лан» – Руслан Ысқақовтан алынған сөз. Осыдан 5-10 жылдан бұрынғы тойларды салыстырсаңыз мүлдем ерекше. Қазір тойлар концерт сияқты өтіп жатыр. Сол сияқты кішігірім кәсіпті бастап жатырмыз. Сондай қуанышқа ат салысып, әрбір тойды ерекше есте қалатындай етіп, түрлі сыйлығымызды ұсынып, қуаныштың үстіне қуаныш сыйлау үшін жасап жатырмыз» , – дейді әнші.

bandicam 2017-06-02 22-12-58-272

bandicam 2017-06-02 22-11-57-534

Орталықтың алғашқы «клиенттеріне» өзі қызмет ететін көрінеді. Себебі, соңғы кезде Бағлан мырза асаба болуды қолға алған.

bandicam 2017-06-02 22-11-06-144

bandicam 2017-06-02 22-11-24-999 (1)

«Ерекшелігі – бұл орталықта не қалайсыз соның бәрі болады. Тіпті, басқа елдің әртісі керек болып жатса, оны да шақырып береміз. Басқа елдің бишілерін де шақыра аламыз. Мен асабалық қырымнан танылғым келіп жүр. Асабалық қызмет көрсетемін. Бірнеше жыл ән айттым. Менің әншілігіме қызығып, асаба болсын дейтіндер болуы мүмкін. Бірақ, бірден айтамын төлемақы аз болмайды”, – дейді Бағлан мырза.

bandicam 2017-06-02 22-13-51-949

bandicam 2017-06-02 22-14-26-114

Әнші орталықтың ашылу салтанатын ауыз ашармен қоса өткізді. Бір оқпен екі қоянды атқан Бағланның қуанышына шоу бизнестің “қаймақтары” келді. Алғашқы тілек өнердегі ағаларына берілді. Барлық ер азаматтар мен қатар Гүлзира Айдарбекова да тілек айтты.

bandicam 2017-06-02 22-15-07-468

bandicam 2017-06-02 22-16-40-195

«Біз осындай орталық ашуды 3-4 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Бірақ іске асыра алмай жүрдік. Енді міне Бағлан бастап жатыр. Баршамыз қолымыздан келгенінше қолдау көрсетейік», – деп сөзін түйіндеді продюсер.

bandicam 2017-06-02 22-12-40-360

bandicam 2017-06-02 22-11-48-184

bandicam 2017-06-02 22-15-43-740

Асаба продюсердің сөзін қостап, Қайрат Нұртастан келген қонақтарға тегін ән айтып беруін сұрады. Артынша әзілдегенін сөз етті.


Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым (фото)

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар