Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов: Келесі оқу жылын мектеп қабырғасында бастаймыз деген үміттеміз

ҚР білім және ғылым минситрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылы мектепте басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз оқу үрдісін тоқтатпай, төртінші тоқсанды өткере алдық. Әрине, бірқатар кемішіліктер кеткені жасырын емес, біз оларды көріп, қадағалап отырмыз. Қашықтан оқыту сабақты Zoom-нан өткізе салып, тапсырма беріп қою деген сөз емес. Бұлай ойлау - қате", - деді министр. 

Сөзінше, алдағы уақытта қашықтан оқыту мәселесін оңтайландыру үшін тиісті шаралар қолдану туралы үкімет жоспарында бар екен. 

"Педагогикалық және техникалық тұрғыдан біз бірқатар мәселелерді шешуіміз керек. Және жаз маусымында осы бағыттағы жұмыстарды аяқтап үлгеруіміз маңызды. Әрине, коронавирус ахуалы тоқтап, келесі оқу жылын мектеп қабырғасында бастайтынымызға үмітіміз зор. Десек те эпидемиялогиялық жағдай тұрақталмаса, қашқытан оқуға дайын болғанымыз жөн", - деді Аймағамбетов. 

Бұған қоса шенеунік жаз уақытында министрлік пен жергілікті білім басқармалары тарапынан қосымша дәрістер ұйымдастырылатынын атап өтті. 

Еске салайық, бұған дейін білім министрі ҰБТ-да қандай сұрақтар келетін жайлы айтқан болатын.

Талқылау