Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева: Мемлекеттен Сәтбаевта қыз зорлағандарды елдің көзінше ит өліммен өлтіруді сұраймын

Сәтбаевта болған оқиға көпшілікті елең еткізді. Қала тұрғындары бассыздыққа қарсы шықты. Қазақ халқы айуандарды жазалауды талап етті. Бұл ретте Айгүл Иманбаева да періштедей қыздың тағдырына балта шапқан қылмыскерлерге ату жазасын беруді сұрайды. 

Айгүл Иманбаева өрімдей қыздың өмірін құртып, періште ғұмырын ластаған қылмыскерлердің жазасы - өлім деді. Оларды түрмеге жауып жазалау - жеңіл. Мұндай қылмыстың жазасы ел алдында масқаралап өлтіру деген тілегін айтты. 

"Сәтбаевтағы оқиға бәрімізді алаңдатып қойды. Көңіл-күйіміз жоқ. Неге осындай қылмысқа жол береміз? Неге қылмыскер табылмай қалады? Неге ол қашып кетеді? Осындай қылмыстар неге жеңіл жазаланады? Бұл түрмеге 2 жылға, 5 жылға жаба салатын қылмыс емес қой. Періште қыздың тағдырына балта шапты. Әке мен баланың қылмысы. Бұл нағыз айуандық. Мұны кешіруге болмайды. Оны жазасы ит өлім. Ел алдында ату керек. Мемлекеттен осыны сұраймын. Қылмыскерді ел алдында итше атып өлтіру керек. Сатпаев қаласының тұғындарын қолдаймыз! Алла жазасын берсін!", - деді әнші.



Иманбаеваның сөзін желідегі қолданушылары қолдады. 

"Келісемін! Ел алдына шығарып аяқ-қолын кесіп ит өліммен қинап, жанын алу керек. Сол кезде арам пиғылды айуандар періштелерге тиісуді доғарар!", "Қорлап, қинап өтіріп, өртеп жіберу керек ол шайтанды", "Елімізде осындай хайуандық көбейіп барады, оларды адам қазақ деп айтуға ауыз бармайды, ит екеш итте өз баласын тастамайды өлтірмейді, дұрыс айтады бұндай адамдарды не керек, оны соттау керек. Олар біздің шұбар жыланымыз адам деп деуге ауыз бармайды. Адам өлтірген оңай болып бара жатыр ма? Оған кім кінәлі? Сәбидің не жазығы бар?", деп жазды олар.

Еске салайық, шілденің 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кейіннен пәтерде табылған болатын.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 12:55
Талқылау