"Қоянбаевты қолдауға келдім": Әйгілі Ананди қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)
Қазақстанда "Келін" фильміндегі басты рөлі арқылы танылған Авика Гор Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түспек. Актриса түсірілім үшін Түркияға келіп, қазақстандықтарға сәлем жолдады.
Авика Гор түрік елінде қазақстандықтарға сәлем жолдады. Нұрлан Қоянбаевтың бастамасына қолдау білдіріп, тілегін айтты.
"Достар, мен арнайы кино түсірілімі үшін Түркияға келдім. Нұрлан Қоянбаевты қолдауға келдім. Қазақстандық киноға түсемін. Бәріңізге сәлем", - деді актриса.
Желі қолданушылары жаппай алғысын айтып, пікір қалдырды. Көпшілігі Қоянбаевтың еңбегі мен актрисаның қарапайымдылығын сөз етті.
"Бір көзге қарағанда шетелде кино түсіру оңай сиақты. Әдемі кадр, жұмыс пен демалыс қатар жүргендей көрінеді... Расын айтсақ, сіз білмейтін көп дүниелер бар.
Жалпы кино түсіру Қазақстанның ішінде де оңай істей салатын дүние емес. Ал менің мақсатым - қазақ актерлері, қазақ оқиғалары шетелмен коллаборация жасап, үндесіп, үйлесім тауып әдемі дүние болып жарыққа шықса екен деймін! Мен мемлекет қаржысымен емес, жеке өзімнің және серіктестерімнің қолдауымен ғана кинодан киноға өмір сүріп келемін. Америка Құрама Штаты, Тайланд, Араб әмірлігі, Корея, Африка, Түркияда бой көрсеткен туындылардың артында сағаттап емес, күндерге созылған келісім-шарттар мен қаржы іздеудің түрлі процестері жатады!
Туындыларыма шетелдік танымал тұлғаларды шақыруда да мақсат - қазақ киносында олар да бой көрсетіп, олар да біздің мәдениетпен танысса деген тілек.
- Түркияда тұрып жатырмыз: Нұрлан Қоянбаевтың әйелі өзін көпшілікке таныстырды
- Түріктің әйгілі актрисасы Қоянбаевтың үйіне қонаққа келді
Осындай ұсынысымызды бірден қабыл алып, ниетін білдіріп, түсірілім алаңына жедел және арнайы келген Үндістанның танымал актрисасы, "Келін" сериалы арқылы танымал болған Ананди - Авика Горға алғысым шексіз! Келе сала қазақ тілінде сәлемдеме жолдап, ниетін білдіргенінің өзі шығармашылық топқа шабыт береді. Әдемі қолдауларыңыз бізге шабыт пен шарықтау сыйлайды! Бірге болған көрермендеріме мың алғыс!", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.
Авика Гор осыдан 6 жыл бұрын Қазақстанға келген еді. Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасқан актриса Қазақстанның көрікті жер екенін айтып, сүйіспеншілігін білдірді.
"Рахмет Нұрлан аға, енді Анджелина Джолиді көргім кеп тұр", - деп жазды актер Рамазан.
"Бұл өте ауыр еңбек. Сабырлық пен шыдамдылық тілеймін", - деді Алуа Қонарова.
"Мықтысыз, Қазақстанның киносы жасай берсін", "Еңбегіңнің жемісі же", "Бұл біз үшін де мақтаныш", - деп жазды өзгелер.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
