Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелді бір апта бойы қамап, зорлап келген: Қызылорда облысында екі азамат тергелуде

Қызылорда облысында екі ер азамат 55 жастағы әйелді күштеп ұстап, бір апта бойы зорлап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зорлау

Бұл туралы ҚР ІІМ rриминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев мәлім етті.

"Қызылорда облысында екі ер адам сексуалдық құлдық үшін бір әйелді апта бойы пәтерде күштеп ұстаған. Қазіргі уақытта әйел босатылды және ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді департамент басшысы.

Күдіктілердің кәнісі анықталса, олар бес жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бес ай бойы 16 жастағы қызды алдап, жезөкшелікке салғандар жайлы айтылған еді. 

Талқылау