Әйел студентпін деп 20 жыл бойы жатақханада тұрып келген
Санкт-Петербургтегі колледж жатақханаларының бірінен орта жастағы әйел шығарылды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы студентпін деп бөлек бөлмеде тұрып келген.
Бұл туралы rg.ru-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Санкт-Петербургтегі федералды сот орындаушы басқармасының хабарлауынша, әйелдің бұл оқу орнымен ешқандай байланысы жоқ және ол жатақханаға таныс арқылы қоныстанған. Бірнеше жыл бұрын әйелді колледжден көргендер бөлмені босатуын өтінген. Алайда, әйел бұл өтініштен үзілді-кесілді бас тартыпты.
Содан кейін колледж сотқа шағым түсірген. Бірақ әйелді жатақханадан шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін де, ол бөлмені босатпаған. Петербургте тұратын жері бар болса да, колледждің жатақханасы өте ыңғайлы екенін айтып, бөлмені босатуға қарсылық білдірген.
Жіберіп алмаңыз:
Үндістандық өзінің пойыз астына түскенін таспаға түсіріп алды (видео)
Адам сияқты жүретін бұзау жұрттың зәресін ұшырды (видео)
Автокөлік қағып кеткен әйел орнынан тұрып кетіп қалды (видео)
Дәрігер спортшыларға зорлық көрсеткені үшін 175 жылға сотталды (видео)