Айдар Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
Фото: Үкімет
Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне Айдар Әбілдабеков тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.
Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы бастады. Осы жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
1998–2009 жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
2010–2022 жылдары Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің қызметтер статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының, Алматы қаласының статистика басқармаларын басқарды.
2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары болды.
2023 жылдың шілдесінен бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін сауда комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
