Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аягөздегі балалар үйінде төрт баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Аягөздегі балаларға арнайы қызмет көрсету орталында төрт жеткіншектің өліміне жауаптыларға қатысты сот үкімі шықты. Мекеменің үш медицина қызметкері шартты жазамен құтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Кәсіби міндетін дұрыс атқара алмағаны үшін жазықты болғандардың екеуі –  екі жылға, үшіншісі үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан және медицина саласында жұмыс істеу құқығынан да айрылды.

Еске салайық, биылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернатта бірден төрт тәрбиеленуші көз жұмғаны белгілі болды. Олар "қызылша" диагнозымен инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Бірақ кейіннен дәрігрлер балалар өлімінің қызылшаға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.



Сосын балалардың қаза болауына қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері жарияланды. 

Балалардың мұрдесіне эксгумация жасалып, екі мәрте сот-медициналық сараптама жүргізілді. Осыдан кейін көз жұмған үш баланың дене жарақатын алғаны расталған. Бірақ сараптамаға сүйенген мамандар, олар өкпе фиброзы, екі жақты іріңді пневмония сияқты жанама аурудан көз жұмған деп қорытынды шығарды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Желтоқсан, 2020 08:20
Талқылау