Павлодарда балалар психиатриялық диспансерінің науқастарын азаптаған медбикелер әлі де бостандықта жүр
Павлодар облысында мүгедек балаларға жәбір көрсеткен психоневрологиялық орталықтың төрт қызметкері үш жарым жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлім етті.
Тергеушілер тағы бір істі сот қарап жатқанын айтады.
"ҚР ҚК 110 бабы 2 бөлімі "Жәбір көрсеткені үшін" бабы бойынша сот алды іс жүріп жатыр. Бүгінгі күні орталықтың төрт қызметкері 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Тағы бір іс сот қаралымында. Бұған қоса 13 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді облыстық прокуратураның бөлім басшысы Асхат Көкімбаев.
Еске салайық, Аягөздегі интернаттың төрт тәрбиленушісі көз жұмғаннан кейін еліміздің аумағында барлық медициналық мекемелер тексеріліп жатыр. Комиссия балаларға арналған орталықтардың жұмысына аса мән беруде.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”