Аяғы ауыр Мақпал Исабекова ерекше фототүсірілім жасады
Тұңғышын күтіп жүрген Мақпал Исабекова ерекше фототүсірілім жасап, желідегі оқырмандарын тәнті етті. Ішін жалаңаштаған әнші көпшіліктен өзін сөкпеуді сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
38 жасында алғаш рет ана атанғалы отырған әнші осы кезеңде ерекше көңілшек болып жүргенін айтады. Сондықтан сырттан айтылатын ауыр сөздерді Исабекова қабылдай алмайды. Ал негатив жазатындарды бұғаттаймын деп әнші бірден ескерткен.
"Өтінемін, достар, айтарға жақсы сөз табылмаса, үндемей-ақ өтіп кете берулеріңізді сұраймын. Жүкті әйелдің жүрегін жараламаңыздаршы ауыр сынмен", – деп тілек білдірді ол.
Айта кетейік, Мақпал Исабекова былтыр өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шықты. Көп ұзамай сәби күтіп жүргенін хабарлады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ