Автобус өртеп, көші-қон орталығын қиратты: Ирландияда тұрғындар босқындардың көбейгеніне наразылық білдірді
Ирландияда тұрғындар елге кіру тәртібін қатайтып, босқындар мәселесін шешуді талап етті. Дублинде халық автобус пен көші-қон орталығы өртеп, полиция қызметкерлеріне шабуылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мигранттың балаларға шабуыл жасағаны дублиндіктердің наразылығын туғызды. Ер адам қала мектептерінің бірінің жанында пышақпен өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, бесеуіне жарақат салған. Олардың үшеуі бала, екеуі ересек.
Күдіктінің Алжир азаматы екені туралы ақпарат тарады. Бұл әлі ресми расталмаса да, жұртшылық бұған ашулы. Олар босқындар, әсіресе Украинадан келгендерге қарсы шықты.
Наразылық салдарынан бір полицей жараланып, көлік пен автобус өртенді. Бүлік салғандарды басу үшін бронетехника іске қосылды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ