Аустралия туралы қызықты деректер
Аустралия әлемге Сидней опера театры, Үлкен тосқауыл рифі, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше түрлерінің көптігімен танымал. Stan.kz Аустралия туралы қызықты деректерді ұсынады.
Аустралия – үлкендігі бойынша әлемде 6-орынды иеленетін мемлекет. Ол аумағы шамамен 7,6 миллион шаршы шақырым болатын тұтас бір құрлықты алып жатыр.
Аустралиялықтардың 80 пайызы жағалаудан 100 шақырым жерде өмір сүреді.
Аустралия халқы 200-ден астам тілде және диалектіде сөйлейді. Олардың 45-і – байырғы халықтардың тілі. Мемлекетте ағылшын тілінен бөлек, итальян, грек, кантон, араб, вьетнам және қытай тілдері кеңінен тараған.
Дамыған елдердің арасында Аустралияда мигранттар саны көп. Аустралиялықтардың 25 пайызынан астамы өзге мемлекеттерде дүниеге келген. Мұнда байырғы халықтардан бөлек, 200 елден келген мигранттар өмір сүруде.
Мемлекетте ерекше экологиялық жүйемен танысып, сонымен қатар адам қолы тимеген торпикалық ормандар, ежелгі құздар және керемет жағажайларды көруге болады.
Аустралияда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының 16 нысаны орналасқан. Олардың қатарында тарихи ауылдар, қалалар мен ландшафттар бар.
Аустралия әлем бойынша әйелдерге дауыс құқығын берген (1902 жылы) Жаңа Зеландиядан кейінгі екінші мемлекет болды.
Сидней мен Мельбурнның қайсысы астана болатыны туралы келісе алмағанда, 1908 жылы Канберра құрылған.
Әлемдегі ең үлкен ферма Оңтүстік Аустралияда орналасқан. Anna Creek Station фермасы 34 мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Бұл Бельгияның аумағынан (30,5 мың шаршы шақырым) үлкен.
Аустралиялықтар әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда, құмар ойындарына ақшаны көбірек жұмсайды. Мемлекетте ересектердің 80 пайызы құмар ойындарын ойнайды. Бүкіл дүниежүзіндегі покер ойыны автоматтарының 20 пайызы Аустралияда.
Супермаркеттерден, ет сатушылардан кенгурудың етін сатып алып, мейрамханада тапсырыс беруге болады. Кенгуру еті сиыр немесе қой етінің баламасы ретінде қарастырылады. Себебі ондағы майдың үлесі – 1-2 пайыз.
Аустралиялықтардың дені спортты жақсы көретініне қарамастан, мемлекет семіздік деңгейі бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Мемлекет тұрғындарының 26 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ал халқының 63 пайызы артық салмаққа ие.
Аустралияда шарап жасайтын 60 өңір бар. Аустралиялық шарап жасаушылар жылына 1,35 триллион шөлмек шарап өндіреді.
2007 жылы Аустралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Радд мемлекеттің байырғы тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл ұлттың ымыраға келуіндегі негізгі кезең болды.
Аустралиялықтар ағылшындарды Pome деп атайды. Бұл Prisoners of Mother England (Англия Анасының Тұтқындары) тіркесінің қысқартылған нұсқасы болып табылады.
Мемлекетті сотталғандардың отарлау тарихына қарамастан, Аустралияда кісі өлтіру деңгейі 100 мың тұрғынға 1,2-ден келеді.
Аустралияда электр қуатының бағасы әлем бойынша ең қымбат болып табылады.
Адамдар келмес бұрын Аустралия үлкен фаунаға арналған тіршілік ортасы болған. Мұнда бойы 3 метр болатын кенгурулар, ұзындығы 7 метрлік кесірткелер, үлкендігі жылқыдай болатын үйректер мен көлемі қабыландай болатын қалталы арыстандар мекендеген.
Үлкен тосқауыл рифі ғаламшардағы ірі тірі құрылым болып табылады. Оның өзіндік пошта жәшігі бар.
Егер Опера театры шатырының барлық «желкенін» біріктірсе, мінсіз сфера пайда болады. Сәулетші апельсинді көргенде осындай ғимарат салуға шабыттанған.
Капитан Джеймс Кук Аустралияның шығыс жағалауына алғаш рет 1770 жылы аяқ басқан. 1778 жылы түзету мекемесін салу үшін, құрлыққа британиялық 11 кеме келген.
Қытайлар Аустралияның еуропалықтардан бұрын зерттеген. 1 400 жылдары теңізшілер мен балықшылар теңіз қиярларын жинап, байырғы халықтармен сауда-саттық жасау үшін Аустралияға келген.
1606 жылы Аустралияға аяқ басқан алғашқы еуропалық – голландиялық теңіз жүзушісі Вилем Янсзон. Мұнан кейінгі 100 жыл ішінде мемлекетке басқа да голландиялық зерттеушілер келіп, карта жасап, оны New Holland, яғни Жаңа Голландия деп атаған.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
