"Ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді": Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 2022 жылдың 19-21 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, алдағы күндері елімізде қатты жел соғып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы үш күнде ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі. Жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
"Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жел соғып, нөсер жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Түнде 3-5 градус, күндіз 5-15 градусқа жылынады. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылу болады деп болжануда.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ